Кандидат көпбалалы аналармен онлайн кездесу өткізді

7 басымдықтың ішінде үшінші тұрған «Қолайлы  аудан» бөлімі бойынша өмір сүру жағдайын жақсартамыз. Nur Otan партиясы отбасы  институтын  нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Іле ауданында 52 мыңға жуық отбасы тұрады, оның ішінде 5,4 мыңы – көпбалалы отбасы, — деді кандидат Гүлжан Ерубаева.

онлайн кездесу

Іле ауданында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді жүзеге асып жатыр. Алайда тұрғын үй алуға үлкен кезек болып тұр, бұл – 4292 адам. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Nur Otan партиясы:

  • 2025 жылға дейін Өтеген батыр ауылында 72 пәтерлі 11 үйдің (74,8 мың шаршы метр) және үш 60 пәтерлі тұрғын үйдің (12,8 мың шаршы метр) құрылысы;
  • Халықтың қаражаты есебінен ауданның барлық ауылында 1 мыңға жуық жеке меншік үйлер салу (658,6 мың шаршы метр);
  • инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлайды.

Бұл шаралар кезекте тұрған 1000-ға жуық отбасын немесе 3755 адамды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айта кетуге болады. Гүлжан Жұбайқызы сайлауалды бағдарламаны таныстырып, барлық отбасыны 10 қаңтар күні өтетін сайлауда Nur Otan  партиясына дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Nur Otan партиясы Алматы облысы Іле аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.