Басты бетҚоғамМәслихат депутаттығына...

Мәслихат депутаттығына кандидаттар қандастармен кездесті

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.

Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жоба жасалып, жүзеге асуына Nur Otan партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді.

Nur Otan, Ақсу ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.  Жалпы көптеген мәселенің шешу шарасы Ақсу аудандық Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті. Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Nur Otan партиясы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.