Басты бетҚоғамКандидаттар Nur...

Кандидаттар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кездесуге сонымен бірге аудандық штаб мүшелері, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер, «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 30 адам қатысты. Алғашқы сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құспан Айгүл Сайфоллақызы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, еліміздің сыртқы саясатындағы жұмыстар, пандемия кезіндегі қиындықтар, шетелдегі азаматтарымызға көмек беру, Бельгия сияқты мемлекетте сайлауға келмесе, айыппұл салатыны жайлы айтты. Қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайлар ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екендігін айтты. «Бәріңізді нақты істер партиясы – Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын», — деді.

Nur Otan, Іле ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Келесі сөз кезегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әбсеметова Әлия Маратқызына берілді. Әлия Маратқызы 9 баланың анасы Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. Елім деген жалынды сөздермен еліміздің дамуына, проблемаларды шешуге бәріміз белсенді атсалысуымыз керек – деді. Облыс, аудан деңгейінде атқарылған ауқымды істер жайлы айтты.

Nur Otan, Іле ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Кездесуде ауданның сайлауалды штаб мүшесі Р.Абилова ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттар берді. Биылғы сайлау, үгіт-насихат жұмыстарының жаңа форматта өтуіне тоқталды. Алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар, өзекті проблемалар партияның сайлауалды бағдарламасында нақы көрсетілгені жайлы айтты. «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері Ынтымақ ауылы, Мира көшесіне жөндеу жүргізу жайлы және Ынтымақ ауылында балалар ойын алаңын салу мәселесін көтерді. Қойылған сұрақтар бойынша Ынтымақ ауылы, Мира көшесінде ұзндығы 1400 метр жөндеу жұмысы 2021 жылдың 2 тоқсанында жүргізілетіні және Ынтымақ ауылында балалар ойын алаңын салу бойынша жергілікті қоғамдастықпен келісіліп, тамыз айында балалар ойын алаңын салу жоспарланып отырғаны жайлы жауап берілді. Жиын барысында «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, бірауыздан Nur Otan партиясына дауыс беретіндері жайлы айтты.

Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Алматы облыстық Іле аудандық штабының сайлау қорынан төленді.