Басты бетҚоғамЕсіл ауданын...

Есіл ауданын дамытудың 7 басым бағыты талқыланды

Тікелей эфир қатысушыларына партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған аудан дамуының басым бағыттары мен мақсаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Есіл ауданын дамытудың 7 басым бағытының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау, олар: «экономикалық тұрғыдан тұрақты аудан», «жайлы аудан», «әлеуметтік бағдарланған аудан», «жастарға арналған аудан», «тарих пен мәдениетті дамыту», «ашық және есеп беретін жергілікті билік», «қауіпсіз аудан».

Ауданның ойдағыдай дамуының кепілі – мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. Шынында да, бүгінде азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Аудандық емхана қызметкерлері онлайн-режімге қатысқандықтан, әңгімедегі басты назар аудандық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға аударылды. Материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету, аудан тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігі мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы емхана әкімшілігімен бірлесіп, медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешетін болады: онколог, кардиолог, маммолог, паталогоанатом, окулист, педиатр, рентгенолог, психиатр, аурухана үшін санитариялық көліктің 2 бірлігін сатып алуға жәрдемдесу, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тұрақты бақылауда ұстау. Күш-жігер халық денсаулығының алдын алуға, қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында скрининг жүргізуге бағытталатын болады.

Бірлескен әрекеттермен Явленка ауылындағы аурухананы күрделі жөндеу және Петровка ауылындағы ФАП салу мәселесін шешуге тырысамыз.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы біздің ауданымыздың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл коронавирус пандемиясы жағдайындағы күрделі кезеңдегі ең маңызды және өзекті мәселе.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – бұл білім беру мен әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жетімділік.

Білім беру саласында Nur Otan партиясы 12 мектепті күрделі жөндеуге ықпал етеді, олар: Корнеевка, Торанғұл, Асқар Игібаев атындағы мектеп және мектеп жанындағы интернат, Покровка, Чириковка, Бұлақ, Ясновка, Ильинка, Петровка, Амангелді, Александровка мектептері. Карантиндік шаралар жағдайында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Қашықтықтан оқытуды сақтаған жағдайда аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларын компьютерлермен толық қамту үшін күш салады.

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады, сондықтан әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын кезең-кезеңімен енгізу мақсаты қойылады. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимінде әлеуметтік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Тікелей эфирді қорытындылай келе, «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы науқаны кезеңінде аудан тұрғындарының үмітіне сай болу, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы арасындағы дәнекер ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады деп қорытынды жасауға болады.

Ескерту: Nur Otan партиясы Есіл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.