Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың жеті басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Nur Otan партиясының бағдары – орнықты экономикалық даму және ауылдағы тұрмыс деңгейін арттыру. Есіл ауданының әлеуеті мен артықшылықтарын пайдалана отырып, Nur Otan партиясы аудан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын тұрақты және тиімді дамыту есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ірі қара малдың, ұсақ малдың санын ұлғайту есебінен мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдауға ықпал етед3. Жаңа сүт-тауар және ет фермаларын салу өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кәсіпкерлік қызметке тартуға ықпал етеді, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын жұмыссыз азаматтарды қамтуды ұлғайтады.
Шағын және орта бизнесті дамыту – аудан экономикасының өсу резервінің бірі. Партия шағын және орта бизнеске қолайлы бизнес-ахуалды қолдауға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кредит беру саласындағы жүйелі жұмысқа, біздің өңірде талап етілетін жаңа бизнес нысандарын ашуға жәрдемдеседі. Біздің алдымызға партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес нақты міндеттер қойылды. Жолдардың сапасын жақсарту, тұрғындарымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтаудың таратушы желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу, жаңаларын салу бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасады.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту –білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы сапалы қызметтерге қол жеткізуге тікелей байланысты. Бұл үшін Nur Otan партиясы медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешуге, санитарлық автокөлік сатып алуға жәрдемдесуге, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауға ықпал етеді.
Білім беру сапасын жақсарту үшін орта білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, педагог кадрлар жұмысының тиімділігін арттыру және білім беру нысандарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында оның барлық деңгейлерінде сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл үшін Nur Otan партиясы білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және тағы басқаларына ықпал етеді.
Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі бағыт – тең мүмкіндіктер жасау, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта ұйымдастыру.
Кездесу аясында партия қызметі бағытталатын үш басым бағыт қаралды.
ҚР Парламент Мәжілісіне, барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар, аудандық сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 80-нен астам іс-шара өтті. ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Геннадий Геннадьевич Зенченко – «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің директоры, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Юрий Иванович Шоль – «Прометей – Агро» ЖШС-нің директоры, Асхат Нағашыбайұлы Барлыбаев – «Рустикус» ЖШС-нің директоры сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасова, Ольга Алексеевна Кондратьева, Біржан Төлеббергенұлы Қойшыбаев, Ерік Қуанышбайұлы Бимаканов, Денис Николаевич Позолотин және тағы басқа сайлаушыларды халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу аясында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.
Ескерту: Nur Otan партиясы Есіл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.