Осы және өзге де мәселелер Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатына Nur Otan партиясынан үміткерлер С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың жас ғалымдары, магистранттары және докторанттарымен онлайн кездесуде айтылды.
Жастар — әрқашан ар мен ер намыстың нышаны. Мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыратын жастарымыз қашан да белсенді, еліміздің болашақ, жарқын көзі деп білеміз. Кездесу барысында партия жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, көкейкесті мәселелерді шешу жайында ой бөлістік. Талқыланған өзекті сұрақтар жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу, халықаралық бағдарламалар, ғылыми жобаларды орындауға қатысу, ғылыми зерттеу жүргізу, тұрғын үй, басқа да әлеуметтік мәселелерге байланысты болды, — деді үміткер А. Абдыров.
Қазір ҚазАТУ-дың ғылыми-зерттеу институттары жас ғалымдардың мақсаттарына ұмтылу, жаңа идеяларының туындауына себепші болмақ. Ғылыммен айналысам деген магистранттар, докторанттар үшін барлық жағдай жасалып жатыр, тұрғын үй мәселесі де шешімін табуда. Мәселен, оларға оқу кезінде Керей мен Жәнібек хандар көшесінде орналасқан көппәтерлі үйде орын, пәтер беріледі. Жастарымыз колледж негізінде кәсіби білім алу жолдары мәселесін де көтерді. Партия әрқашан жастарды қолдауға дайын.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-Сұлтан бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс береді.
Ескерту: Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтандағы сайлау қорының қаражатынан төленді.