Ақсу ауданында Nur Otan партиясы филиалының сайлауалды штабы ашылды

Жиынға Nur Otan партиясы тізімімен Облыстық және аудандық  мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, Jas Otan жастар қанаты өкілдері, сондай-ақ республикалық, облыстық телеарналар және БАҚ өкілдері қатысты. Ақсу аудандық штабының ашылуын аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі Күлайхан Дәулетбекова жүргізіп, құттықтау сөз сөйледі.

Келесі кезекте «Ақсу ауданының Құрметті азаматы», «ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі», «Даңқ» орденінің және «Шапағат», «Алтын дәрігер» медальнің иегері, ардагер -дәрігер партия ардагері,  Жұмагелдин Ашімғали Құсайынұлы мен  Nur Otan партиясы Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің директоры Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлына сөз беріліп, К.Даулетбекова аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі ретінде штаб жұмысын бастауға толық дайын екендігін, сөйлеушілердің ұсыныс — тілектерін ескере келе маңызды науқанды ойдағыдай атқарамыз деп, аудандық сайлауалды штабының құрамымен таныстырды.

Штаб мүшелерінің қатысуларымен аудандық партия филиалының сайлауалды штабының және оның қоғамдық қабылдау бөлмесінің дайындығын көріп шықты.

Соңында аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жұмысы жемісті болсын деген оймен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері,  Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы бата берді.

Ескерту: Nur Otan партиясы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.