Басты бетҚоғамДепутат Білім...

Депутат Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

Депутаттың айтуынша, Білім және ғылым министрлігіне көп жұмыс жүктелген.

Білім және ғылым министрлігі балабақшадан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білімге дейінгі үздіксіз білім беру жүйесінің барлық мәселесімен айналысады. Бұл — өте үлкен жүктеме. Бұл мәселе ел халқының жартысын қамтиды. Мұндай жүктеме басқа министрлікте жоқ. Менің ойымша, Білім және ғылым министрлігінің базасында штат санын көбейтпей екі министрлік құратын кез келді: Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігі, — деді Мұрат Бақтиярұлы Сенат отырысында.