Бүгін Кеген аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұраман Оқас, Алмас Тлеулиев, Майрагүл Қайырбекова, Гүлмира Мұқанова, Тоғжан Біржансалова Тасашы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, сайлау науқаны жайлы түсіндірді.
Талқыланған басты тақырып — Кеген аудандық Nur Otan партиясының алдағы 5 жылдыққа құрылған сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, сайлаушыларды мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауда белсенділік танытып, партияға дауыс беруге шақырды.
Ескерту: Nur Otan партиясының Кеген аудандық штабының сайлау қорының қаражатынан төленді.