Ведомство мәліметінше, бір тәулік ішінде пневмонияның 27 дерегі тіркелді, 54 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 45 442 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 490 адам қайтыс болды, барлығы 32 830 адам жазылды.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды.