Басты бетМедицинаДенсаулық сақтау...

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырғандарға қатысты мәліметті жариялады

Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Атырау облысында 133, Алматыда 83, Павлодар облысында 65, Қостанай облысында 62 науқастан коронавирус анықталды.

Өңірдерде бүгінге дейін және бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны:

Шығыс Қазақстан облысында — 18 681(+49);
Алматыда — 18 163(+83);
Нұр-Сұлтанда — 18 149(+57);
Атырау облысында — 13 150(+133);
Қарағанды облысында — 11 950(+39);
Батыс Қазақстан облысында — 9 074(+39);
Павлодар облысында — 8 842(+65);
Солтүстік Қазақстан облысында — 8 394(+57);
Қостанай облысында — 7 326(+62);
Ақмола облысында — 7 026(+54);
Алматы облысында — 6 905(+57);
Шымкентте — 5 494(+4);
Жамбыл облысында — 4 947(+17);
Ақтөбе облысында — 3 669(+4);
Маңғыстау облысында — 3 667(+2);
Түркістан облысында — 3 649(+10);
Қызылорда облысында — 3 374(+1).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 152 460-қа жетті, 139 843 адам аурудан айықты, 2 259 науқас қайтыс болды.