Әуелі, оқырманды 2020 жыл туралы суреттермен және мемдермен таныстырайық.

2020 жыл дыбыс болса. @iconeo
2020 жыл гитара болса. @iconeo
2020 жыл шырша болса. @iconeo
2020 жыл велосипед болса. @iconeo
2020 жыл щетка болса. @iconeo
2020 жыл туралы мем.
2020 жыл туралы мем

«31 желтоқсан, 13:59.
31 желтоқсан, 23:60».

«2020 жыл ешқашан аяқталмайды».

Жаңажылдық безендіру.

«Жыл қандай болса, терезедегі безендірулер де сондай.

Терезеде: «Кет!», «Кет!, «Коронаңды да ала кет!».

2020 жыл туралы мем

2021 жылдың шыршасын осылай безендіреміз.

Шынымен ренжуге тұратын жыл ма?

Әлеуметтік желілер мен түрлі сайтта аяқталғалы тұрған жыл туралы мұндай мем көп. 2020-ға деген адамдардың өкпесін, наразылығын, тіпті қатты ашулы екенін білдіреді. Дегенмен Ресей психологы, философ Анна Кирьянова ескі жылға ренжіп, оның тезірек бітуін күту дұрыс емес екенін айтады:

«Мына нашар жыл да, оның сәтсіздігі мен шығыны да тезірек бітсе екен!» дейтіндер көп. Бірақ мынадай үш себепке байланысты бұлай деуге болмайды:

  • 1. Сіз жылдың құнын арзандатып тастайсыз. Яғни өміріңіздің, оның энергиясының құнын төмендетіп отырсыз. Тағдыр бастан өткен оқиғалар мен тәжірибеден де тұрады, ал өткен өмір қазіргі күнмен, болашақпен тығыз байланысты.

Өткенді қаралап, оның жоққа шығару арқылы бар өміріңізді жоққа теңейсіз. Жаманмен бірге жақсыны да сызып тастайсыз. Өмірге риза еместігіңізді білдіресіз.

  • 2. Неге екені белгісіз, болашақ міндетті түрде жарқын болуы керек деп шешіп қойыпсыз. Ол өткеннен жақсырақ болуға және сізге рахат пен қуаныш сыйлауға ғана міндетті. Риза болмаған тұтынушы дәмсіз тамақты қайта асханаға жіберіп, ауыстыруын сұрайды. Бірақ ол бұл асқа төлеп қойған. Ал біз ше?

Себебі белгісіз, бірақ біреу жоғарыдан бізге бақытты сәттер жіберуге міндетті деп санаймыз. Келесі жыл жақсы болатыны, тіпті жақсы болуға міндетті деген сенім қайдан шыққан?

  • 3. Жаңа жылда, жаңа кезеңде бақытты болғыңыз келсе, ескі жылды есіркеу қажет. Не нәрсеге алғыс айтатыныңызды табыңыз. Асықпай отырып, жыл берген әр жақсылықты еске түсіріп, жазып шығыңыз. Бір жылдық өміріңіз үшін. Кем дегенде алғыс айтатын үш нәрсе, үш оқиға болсын.

2020 жылда не үйренгеніңізді анық мойындаңыз. Мүмкін бұл өзіңе ғана сену, түрлі-түсті көзілдіріктен бас тарту, қосымша қаржы мүмкіндіктерін іздеу, денсаулық сақтау, жақындарға қамқор болу сияқты ащы шындықтар болар?!

Не десек те, бұл сабақ аларлық жыл болды. Мұны түсінбеген, ешбір жаңа нәрсені үйренбеген адам келер жылға қалып қойып, өмір мектебінен шығып қалуы мүмкін. Алғыс айту мен өмір сабақтары жаңа  кезеңде, жаңа жылда дамуға, жетістікке жетуге көмектеседі.