Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әсер еткен циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады.
Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон келеді, сол себепті 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасы түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендейді, — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.