Басты бет Қоғам Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Көксу ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты.

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хал-жағдайын білу болатын.

Таңатар Әбдірахманов — Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апаның оң қолы болып адал қызмет еткен жан.

Nur Otan, Көксу ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Ақсақалдың жасы 80-нен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды. Ол үміткерлердің әрбір айтқан сөзі мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ескерту: Nur Otan партиясының Көксу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Exit mobile version