Басты бет Қоғам Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындармен онлайн форматта кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындармен онлайн форматта кездесті

Ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып жүрген Көксу аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер азаматтар бұл жолы санитария-эпидемиология жағдайын ескеріп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша халықпен онлайн форматта, қашықтан кездесті.

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Кездесуде Nur Otan партиясының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге емес, өңдеуге басымдық берілгені жөн екенін жеткізді.

сайлау, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Онлайн жиын кезінде үміткерлерге бірнеше сауал жолданды. Мәселен, қазіргі жағдайға байланысты қашықтан оқып жатқан оқушылар интернеттің дұрыс тартпауынан қиналып жатқаны туралы айтылды. Сондай-ақ басқа да түрлі мәселелер қозғалды.

Ескерту: Nur Otan партиясының Көксу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Exit mobile version