Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты деп хабарлады Tengrinews.kz
Ресейде вакцинаның шекті құны 1942 рубль немесе шамамен 11 мың теңге болады. Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, Қазақстанда баға басқа болады.
Қазір шамамен бағасы қандай болатыны есептеледі. Айта кету керек, бұл ресейліктердің жұмысы, бірақ мұнда біз сатып аламыз. Менің ойымша, бізде басқа баға болады. Логистиканы, тасымалдауды, технология трансферін ескеріп, бұл біршама қымбат болады деп ойлаймын, — Нұрлыбек Асылбеков.
Еске салайық, премьер-министр Асқар Мамин 21 желтоқсанда Қарағанды фармацевтика кешеніне барды. Ол «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.
Кешен базасында вакцинаның кезең-кезеңімен 2 миллион дозасы өндіріледі.