Осыған байланысты 2020 жылдың 22 желтоқсанында Алматы облысы Кеген аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алмас Тілеулиев, Айболат Солтанғазиев, Гүлмира Мұқанова және Жанна Қырғызалықызы «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірінші кезекте аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы сайлауды ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Сонымен қатар сайлауалды штаб мүшелері көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Ескерту: Nur Otan партиясының Кеген аудандық штабының сайлау қорының қаражатынан төленді.