22 желтоқсанның қорытындысы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта. Мұнда қатаң шектеу шаралары сақталуға тиіс.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары бар.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 147 975-ке жетті, 132 427 адам жазылды, 2 200 науқас қайтыс болды.
21 желтоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 739 дерек тіркелді, ең көп науқас — Нұр-Cұлтанда, мұнда кейінгі тәулікте 106 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Алматыда 80, Шығыс Қазақстан облысында 75 жаңа дерек анықталды.