Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингінің, Huawei Technologies Kazakhstan және IDC компаниясының қолдауымен ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бағдат Мусин
Фото: Huawei Technologies Kazakhstan

Кәсіби IT-мамандарсыз цифрландыру болмайды. Сондықтан цифрландыру шеңберінде қызметтерді енгізу мен дамытуға жауапты адамдардың біліктілігін үнемі арттыру маңызды. Қазір орталықтандырылған мемлекеттік органдар мен аймақтарда цифрландыру бағытында кем дегенде 500 адам жұмыс істейді және олардың әрқайсының жоғары кәсіби маман болуы маңызды. Қазіргі уақытта мемлекеттік секторда жоғары білікті IT-кадрлардың жетіспеушілігі — негізгі проблема, сондықтан осы форматтағы оқыту жүйелі түрде жүргізіледі, — деді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Іс-шарада елдің цифрлық экономикасын дамыту, платформаны дамыту стратегиялары мен инновациялары, сондай-ақ Huawei Mobile Services жаңа экожүйесін құру және қазақстандық қосымшаларды HUAWEI мобильді платформасына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Чжан Цинго
Чжан Цингуо. Фото: Huawei Technologies Kazakhstan

HUAWEI әрдайым «Қазақстанда және Қазақстан үшін» тұжырымдамасын ұстанды және Қазақстандағы цифрлық экономиканың даму талаптарына сай болуға тырысты. Біз Қазақстанның интеллектуал дәуірге тезірек енуіне көмектесетін, сондай-ақ тұрақты дамуды және технология саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз ететін ең жақсы тәжірибені, ресурстар мен технологияларды енгізуге қуаныштымыз, — деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжан Цингуо.

Оқу семинары бес модульден тұрды. Атап айтқанда, салалық платформаларды реттеу арқылы мемлекет елдің цифрлық экономикасын дамытуда қандай роль атқара алатыны қарастырылды. Сонымен қатар аймақтық цифрлық қоғамдастықтардың ролі, жаһандық B2C платформаларын: Amazon, WeChat, Facebook-ті мемлекет тарапынан реттеу мәселелері талқыланды.

Андрей Беклемишев
Андрей Беклемишев. Фото: Huawei Technologies Kazakhstan

2018 жылы біз ЖІӨ-нің 60%-і 2022 жылға қарай цифрланады деп болжадық. Биыл бұл болжамды жаңарттық және қазіргі уақытта ЖІӨ-нің 65%-і цифрландырылады деп күтеміз. COVID-19 пандемиясына қарамастан, әлемдік ЖІӨ цифрландыру арқылы жеделдеді, — деді IDC вице-президенті Андрей Беклемишев.

Сарапшы бүгінде штаттарда ЖІӨ-нің төмендеуіне қарамастан, цифрлық дамудың ролі артып келе жатқанын айтты.

Жарқын Тілеукенов
Жарқын Тілеукенов. Фото: Huawei Technologies Kazakhstan

Бүгінгі таңда ақылды технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігі бола отырып, барлық салаға жылдам еніп жатыр. Цифрландыру — бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық ел ұстанатын әлемдік тенденция. Қандай жағдай болмасын, цифрландыруды енгізуді кейінге қалдыруға болмайды, бұл бізді шегіндіреді, — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов.

Тренингтен басқа, HUAWEI өкілдері HMS Core (Huawei Mobile Services) құрамына кіретін және екі негізгі бөліктен тұратын AppGallery платформасын ұсынды: тапсырыс қосымшалары (AppGallery қосымшалар дүкені, Assistant, Browser, Wallet, Video, музыкалық қызметтер және тағы басқа) және қосымшалардың функционалдығын қамтамасыз ету үшін әзірлеушілер қолданатын бағдарламалық жасақтама пакеттері (Account, Ads, Analytic, IAP, Game Service және тағы басқалары). Қазіргі уақытта 56 Kit бар және оларға қол жеткізуге 13 мыңға жуық интерфейс бар. Олар қосымша ішінде жарнамалауға, сауда жасауға, қосымшаны пайдалану мен белсенділікке талдау жасауға және басқа қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Михаил Комков
Михаил Комков. Фото: Huawei Technologies Kazakhstan

2020 жылдан бастап HUAWEI-дің барлық мобильді құрылғысы Huawei Mobile Services платформасын және HUAWEI компаниялар тобының меншікті және бірегей дамуы болатын AppGallery қосымшалар дүкенін қолданады. Қазіргі уақытта Қазақстанда миллионнан астам HUAWEI телефоны бар және олардың саны өсіп жатыр. HUAWEI смартфондарының сатылымы Қазақстандағы екі таңбалы үлесті құрайтынын ескере отырып, AppGallery платформасындағы ресми мобильді қосымшалардың интеграциясы Қазақстан азаматтарының үкіметтік қосымшаларға кең қол жетімділігін қамтамасыз етеді деп сенеміз, — деді Еуразиядағы Huawei экожүйесінің вице-президенті Михаил Комков.

Әлемдегі ең танымал қосымшалардың көпшілігі, сондай-ақ ең көп қолданылатын қазақстандық қосымшалар, соның ішінде eGov, Kaspi, Chocolife, бірнеше ондаған банк және азық-түлікке тапсырыс беру, автокөліктерге қызмет көрсету, жеткізу бойынша ең маңызды қосымшалар қазірдің өзінде HMS платформасында және AppGallery қосымшалар дүкенінде бар. Бүгінгі таңда AppGallery әлемдегі ТОП-3 экожүйеге кіреді және ең үлкен өсімді көрсетіп отыр.