«Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта» компанияларының акциялары сатылымға қойылады.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, компанияның негізгі активтері IPO арқылы сатылады. Бұл шешім Мемлекет басшысынан қолдау тапты. IPO-ға бірінші болып, «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялары шығады. «Эйр Астана» компаниясы IPO-ны нарықтың дамуына қарай, 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өткізуді жоспарлауда. Нәтижесінде компания қолында дауыс беруші акцияның 25+1 пакеті қалады. Акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторлардың қолында қалуы тиіс деген шешім шығарылды.
Айта кетейік, «Қазақтелеком» компаниясының қазіргі уақытта 49%-ы жеке меншікте.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO бағдарламасы 2018 жылы өтеді деп межеленуде және оның 25%-ы акциясы сатылады.
«Самұрық-Энерго» компаниясының IPO-сы 2019 жылы қуаттылық нарығы толық күшіне енген кезде өтеді. Оның да 25% акциясы сатылады деп қарастырылуда. Мүмкін акцияның 51 пайызы саудаға шығарылуы ықтимал.
«Қазпошта» IPO-ны 2019 жылы 49 пайызға дейін өткізуі мүмкін. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» енді ғана өсіп келе жатқан активтері «Қазақ Эйр» мен «Тау-кен Самұрық» компанияларын саудаға шығарады.