Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Кешен базасында вакцинаның кезең-кезеңімен 2 миллион дозасы өндіріледі.
Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу 2021 жылдың ақпан айында басталады. Екпе медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингентіне, сонымен бірге созылмалы аурулары бар адамдарға салынады, — деді Аcқар Мамин.