Енді бітіруші класс оқушылары (9,11,12-класс) 3-тоқсанынан бастап санитария-эпидемиология талаптарын сақтап, аралас форматта — пәндердің 70%-ін дәстүрлі форматта, 30%-ін қашықтан оқиды.
Оқу жылының 3-тоқсанынан бастап мектеп оқушыларына білім берудегі олқылықтардың орнын толтыру үшін сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.
Сонымен бірге колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері 2-семестрден бастап онлайн да, офлайн да оқиды.
Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдерге өңірдегі эпидемиология ахуалын тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.