Мигранттарға көзқарасыңыз қандай?
Көлікті мас күйде айдайсыз ба?
Көшеде әмиян тауып алдыңыз. Ішінде 5000 теңге бар. Не істейсіз?
Автобуста жолақысын төлемеген кезіңіз болды ма?
Танысыңыз көмек сұрады. Бірақ жәрдемдесуге көңіл-қошыңыз болмай тұр. Не істейсіз?
Өзіңіз кимей тастаған киімді мұқтаж адамдарға бересіз бе?
Ойдағыны орындау үшін таныс-тамырды пайдаланып көрдіңіз бе?
Далада үйсіз жүрген жануарларды көріп, бағып алған кезіңіз болды ма?
Сүйіктіңіздің көзіне шөп салғансыз ба?
Қоқысты сұрыптайсыз ба?
Тест: қаншалық жаман адамсыз?
Ақылына көркі жарасқан адамсызІ
Сондай таза адамсыз. Жүрегіңізде зұлымдық атаулының болуы мүмкін емес. Өзіңіз де "жаман" деуге келетін адамдардан аулақ жүруді жөн көресіз. Әрине, әр жанның мінезінің жағымсыз жақтары бар, бірақ ондай қасиеттермен күресіп келесіз, басқаларға көрсетпеуге тырысасыз. Соның арқасында айналадағылар қандай жақсы адам екеніңізді біледі. Олар сізді шынымен жақсы көреді. Алайда идеал болып жүруге тырысатыныңызды ұнатпайтын жандар да бар. Олар мұны "мақтаншақтық" деп қабылдауы мүмкін. Еңсеңіз түспесін. Себебі ондай ойдағылармен араны қалай сақтау керек екенін де білесіз.
Құбылмалы адамсыз!
Жауабыңызға қарасақ, сізді кіршіксіз, бір міні жоқ адам деуге келмейді. Бұл сіздің өміріңіздегі түрлі оқиғалаға байланысты болуы мүмкін. Басқалардың қалай қиянат көрсетуі мүмкін екенін көргенсіз. Сізді алдап кеткендер кезіккен шығар. Жетісктікке жетер жолда талай қиын жағдайдан өткен боларсыз. Сондықтан "Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай" өмірлік принципіңізге айналған секілді. Қысқасы, құбылмалысыз, Кей жерде қулығыңызды асырып жіберуіңіз де мүмкін. Мұны өмірге бейімделу деп санайсыз. Негізі, жүрек түкпірінде жақсы адам екеніңізді білесіз, тек оны сыртқа көрсетпейсіз.
Қу адамсыз!
Ақыңызды ешкімге жегізбейсіз. Әр нәрседен пайда көруге тырысасыз. Біреудің көңіліне қарау "бос әуре" деп санайсыз. Ең бастысы - комфортта өмір сүргіңіз келеді. Әрине, бұл жақсы шығар. Алайда дәл осы бағытта жүріп, талай адамды ренжітуіңіз мүмкін. Сізге тиімді нәрсе, басқаға зиян болып шығуы ғажап емес. Осы нәрсені ескерген жөн. Сондай-ақ, "Өзіңнен зор шықса" деген мақалды ұмытпағайсыз.
Әлеуметтік желіде бөлісу: