Басты бетЖаңалықтарГеннадий Головкин...

Геннадий Головкин поляк боксшысын техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Амеркианың Флорида штаты, Холливудтағы бокс кешінде поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты. Головкин өзінің IBF және IBO белбеулерін қорғады.

Кездесуде Головкин қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді.  Жекпе-жек жеті раундқа созылды. Содан кейін Камил Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Геннадий Головкин техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл — Геннадий Головкин үшін кәсіпқой рингідегі 41-ші жеңіс (оның 36-сы нокаут). Оған қоса, боксшы еншісінде бір тең есеп және бір жеңіліс бар. Ал Камил Шеремета карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін поляк боксшысы 21 жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған еді.

1995-2005 жылдар арасында орта салмақтағы америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд орнатқан еді. Қазақстандық боксшы осы кездесуде титулдарын 21-рет қорғап шығып, сол рекордты жаңартты.