Қазақстанды Ресейге қосуды үндеген тұрғын 5 жылға сотталды

Тергеу мәліметі бойынша, 37 жастағы Чуприн 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосу» туралы пікірлер қалдырған.

Алайда, Чуприн соттағы соңғы сөзінде: «Мен қозғаған тақырыпты бірден басқа жаққа бұрып әкетті, Ресейдің Қазақстанға қосылған облыстары бейнеленген ұлттық картаны маған жолдады. Ол кезде мен бұл қолданушылардың арандатушылық ниетін түсінбедім, солармен сөз таластырдым»,-деп, қазақ халқынан кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

ДереккөзCentral Asian