Цех ұжымымен танысу, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Қалтаева жолға шықты. Алатау ауылдық округінде орналасқан кәсіпорынға барып, экспромт-кездесу өткізді.
«Геоминерал» ЖШС төрағасы Махаммедов Рустамбек 40 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге көлемінде. Мұнда жұмысшыларға бар жағдай жасалған. Асхана, демалатын орын, гүлденген аула жұмысшылар үшін абаттанып, керекті заттармен жабдықталған. COVID-19 пандемиясына қатысты барлық санитария талабы сақталып отыр.
Цех аумағында жерасты суын шығаратын скважинасы бар. Тәулігіне 8000 дана (5-10 литр) асханалық-минерал су шығарып отырған серіктестік өнімі сұранысқа сай басқа облыстарға жөнелтіледі.
Пробирка іспетті капсулалар осында арнайы жабдықта үрленіп, дайын болады. Қым-қуыт қайнаған жұмыспен танысқан кандидаттар жұмысшыларға еліміздің бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, олардың да ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы Төлеби аудандық штабының сайлау қорынан төленді.