Ақжайық ауданында Nur Otan партиясының сайлауалды штабы ашылды

Бұл сайлау елдіктің сыны болатыны, мемлекетіміздің болашағы үшін жауапкершілігіміз безбенге түсетіні сөзсіз. Еліміздің ең іргелі, ең әлеуетті саяси күші, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі басшылық ететін Nur Otan партиясы тағдыршешті науқанға бар күшін жұмылдыра кірісті. Осы турасында сөз сөйлеп, шараны ашқан аудандық сайлауалды штабының төрайымы Айжан Нысанбаева қатысушыларды күн  тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар партия өкілі Nur Otan партиясының қол жеткізген  жетістіктері мен бүгінгі өзгерістер туралы баяндады.

Алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болатыны анық. Бұл ретте, өзге партияларға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда игі бастамаларды ұсынғаны көпке аян. Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорына қомақты қаражат жиналып, көптеген жерлесімізге көлемді көмек көрсетілді. Еліміздің саяси тарихында тұңғыш рет праймериз әдісімен партияішілік іріктеу өткізілді. Осы науқанға ауданымыздың партия өкілдерінің белсенділері қатысып, өңірдегі жұртшылықпен жүздесіп, ел арасындағы күрделі мәселелерді байыптады, өз сайлауалды бағдарламаларына енгізді. Бұл партияның кадрлық саясатын жаңғыртудағы ерекше бастамалардың бірі болды десем, артық айтқаным емес. Айта кету керек, осы праймеризге қатысқан үміткерлер – осы штабтың мүшелері. Сондай-ақ алда болатын сайлаудың ерекшелігі, сайлауға түсетін үміткерлер арасында жастар мен әйелдер квотасының сақталуы қарастырылды.  Яғни, партия тізімімен түсетін кандидаттар арасында әйелдер мен жастардың үлесі 30% болуы шарт. Бұл, келешекте депутаттар арасынан жаңа идеяларға толы жастар мен әлеуметтік-рухани тірлікті түлететін әйелдердің болуының бірден-бір кепілі, – деді Айжан Нысанбаева.

Сайлауалды штаб мүшесі Гүлнар Гилманова Nur Otan партиясының Ақжайық ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен таныстырды. Алдағы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі саяси науқандарда партия жалпы бір бағдарлама ұсынса, алдағы сайлауға республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жеке бағдарламалар жасақталды. Nur Otan партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады: экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік-бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, бай тарихы мен мәдениеті бар аудан, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Ақжайық ауданы, Nur Otan

Облыстық және аудандық мәслихат тізімдеріне енген үміткерлердің азаматтарды көшпелі қоғамдық қабылдау кестесімен, оның  тәртібімен шара барысында аудандық сайлауалды штабының төрайымының  орынбасары Әсемгүл Зейінова  таныстырды. Айта кетелік, аудан көлемінде ҚР Парламент мәжілісінің депутаттығына 1, облыстық мәслихатқа 2, аудандық мәслихатқа 24 үміткер тіркелген.

Осыдан соң кезінде партия жұмысында белсенді еңбек еткен, бүгінде аттан түспеген еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев сөз алды.

Ақжайық ауданы, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы сабақтастық, әділдік және өрлеу деген негізгі үш қағидаға табан тіреп, жұмыс істеді. Өйткені тек осындай сабақты іс қана еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз ете алады. Азаматтар үшін ең маңыздысы не, ол – әл-ауқаттың артуы. Сондықтан партия алдына қойған нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуі керек, –деді ол.

Шараны Айжан Нысанбаева  қорытындылап, үгіт -насихат материалдарының үлгілері мен имидждік өнімдер табыстады.

Ескерту: Nur Otan партиясының Ақжайық аудандық штабының сайлау қорының қаражатынан төленді.