Пандемия кезінде өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін
Адам көп жиналған жерде және іші нашар желдетілген нысанда ұзақ тұрып қалсаңыз, COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары болады. Мұндай жағдайда вирус ауа тамшылары немесе аэрозоль арқылы тарайды.
Егер үйден шығу керек болса, онда профилактикалық шараларды сақтаңыз: медициналық маска тағыңыз және нысанды жиі желдетіңіз. Эпидемиологиялық қауіпсіздік үшін кездесулерді ашық аспан астында көшеде өткізген дұрыс.
СOVID-19-ды алдын алудың 7 талабын есте сақтаңыз:
- Бөтен адаммен байланыста болғаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;
- Қоғамдық орындарда маска тағыңыз және әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз;
- Гаджет, кеңсе жабдықтарын және пайдаланылған заттарды дезинфекциялау қажет;
- Қоғамдық орындарға бармаңыз (ОСО, спорттық іс-шара, қоғамдық көлік);
- Біреумен құшақтасып, қол алыспаңыз;
- Суық тиіп ауырып жүрген адамға жақындамаңыз;
- Гигиена құралдары мен ыдыс-аяғыңыз жеке болсын.
Ауру асқынған кезде сыртқа шықпаңыз, қоғамдық көліктерге мінбеңіз. Ал баратын жеріңіз болса, көлік кептелісі болатын сағаттарда шықпаңыз, қашықтық сақтап, тұтқа және өзге де заттарға қол тигізбеуге тырысыңыз.
Мереке күндері тамақтан уланып қалғанда не істеу керек?
Тамақтан уланудың алдын алу үшін мынадай негізгі ережелерді сақтау керек:
- Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, тамақ пісірер кезде және жануарларға күтім жасағаннан кейін қолыңызды жуыңыз;
- Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен күмәнді өнімдерді, сүт және сүт өнімдерін сатып алмаңыз;
- Құс еті мен жұмыртқаны әртүрлі пакеттерде сақтаңыз және етті кем дегенде бір сағат пісіріңіз;
- Пісірілген тағамның қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерді бөлек ұстаңыз, арнайы тақтада таза пышақпен кесіңіз;
- Жұмыртқаны кем дегенде 15 минут пісіріңіз, шикі жұмыртқаны жемеңіз;
- Дүкендегі құс еті +2-3С температурада 2 тәуліктен аспай, жұмыртқа бөлме температурасында 25 тәуліктен аспай сатылуға тиіс;
- Тағамды сақтау, тасымалдау, аспаздық өңдеу кезінде тағам өнімдерін инфекциядан қорғау қажет.
Жаңажылдық іс-шара, шырша, корпоратив өткізуге рұқсат етілген бе?
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің № 57 қаулысына сәйкес, адамдардың адам көп жиналатын барлық мерекелік шараларға тыйым салынады. Оларға жаңа жылдық іс-шаралар, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес карантин кезеңінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу жатады.
Қарапайым гигиена ережелерін сақтаңыздар:
Қолды үнемі құрамында спирті бар сұйықтықпен тазалаңыз немесе сабынмен жуыңыз. Сонда қолдағы микроб, вирус өледі.
Мүмкіндігінше қолмен көз, мұрын мен ауызды ұстамаңыз. Адам күнде түрлі затты ұстайды, қолда вирус қалып қоюы мүмкін. Ал қолдағы вирус көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі мүмкін. Вирус әрі қарай ағзаға еніп, ауру пайда болады.
Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтақпен немесе шүберекпен жабыңыз. Пайдаланған шүберекті дереу беті жабық қоқыс жәшігіне тастап, қолды жуу керек.
Сонымен бірге адамдар жиі қол тигізетін заттарды үнемі тазалап және дезинфекциялау өте маңызды, мысалы, есіктің тұтқасы, кран, телефон дисплейі.
Адам өзін нашар сезінсе, не істеуі керек?
COVID-19 ең көп кездесетін белгілері — дене температурасы көтеріледі, құрғақ жөтел және шаршау. Кейбір пациент дәм немесе иіс сезбей қалады, бас, тамақ ауырады, мұрын бітеледі, көз қызарып, диарея болады, теріге бөрітпе шығады.
Аурудың белгілері жеңіл болса да, мысалы, жөтел, бас ауруы, аздап температура көтерілсе, толық жазылғанға дейін үйде оқшаулану керек. Сонымен бірге дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға барыңыз.
Егер үйден шығу керек болса немесе үйде бірнеше адаммен бірге тұрсаңыз, өзгелерге жұқтырмас үшін маска тағыңыз.
Температура көтеріліп, жөтел пайда болса және тыныс алу қиындаса, дереу медицина көмегіне жүгіну керек. Әуелі учаске дәрігерінен телефон арқылы көмек сұрап, маман нұсқауларын орындаңыз.