Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова екі фильмге түседі

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова екі фильмге түседі

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова екі бірдей фильмге түседі. Ол бұл туралы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Фируза Шәріпова, сурет: ©vesti.kz

«Біз командамызбен 30 қарашада өтетін «Еуразия Барысы» турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Алматыға келгенбіз. Сонда маған менің мансап жолым туралы деректі фильм түсіруге ұсыныс жасады. Одан басқа, анасының өліміне кек алу үшін спортпен айналысқан қыздың рөлін ойнауды да ұсынды. Мен өзімді әртіс ретінде көргім келетіндіктен бұған келісімімді бердім. Қазір фильм жайлы сөйлесіп жатырмыз. Осы аптада барлығы нақты белгілі болады»,-деді Фируза.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингте үш кездесу өткізген. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйек күні Алматыда өтті. Онда ол серб қарсыласы Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version