Ақмола тұрғындарымен кездесуді «Той Дастархан» ЖШС-нің директоры Елена Мащинская ашып, елде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтті.
Сіздермен бірге іске асыратын әлі көп нәрселер бар. Біз осы қиын кезеңді бастан өткердік, бірақ өмір бір орында тұрмайды. Біз ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге тиіспіз – деді спикер.
Спикердің айтуынша, уақыт қоғамдағы ең проблемалы сәттерді ой елегінен өткізуге және назар аударуға мүмкіндік берді. Жақсы жағына өзгеріп жатқан істер де бар. Көкшетауда көптеген нысан салынды. Оның ішінде «Болашақ сарайы», жағалаулар, жолдар, ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер, тағы басқалары қаламыздың көркіне айналуда. Көпбалалы аналарға да көп көңіл бөлініп жатыр.
Спикер атап өткендей, ең қиын кезеңде адамдарға мемлекет пен Nur Otan партиясы қолдау көрсетті. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға партия мүшелерінен 50 мың теңге және мерекелік пакеттер табыс етілді.
Әлі бұдан да жақсы өмір сүрудің уақыты алда. Мемлекет жоспарлаған міндеттерді Nur Otan партиясы әрдайым бақылауға алады. Бүгінде халық игілігі үшін істеп жатқан Nur Otan партиясының жұмысын бірде-бір партия істеп жатқан жоқ, – деп түйіндеді Елена Мащинская.
Спикердің сөзіне басқа депутаттыққа кандидаттар да қосылды. «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Әсен Жақсылықов аймақтық бизнестің жұмысы мен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мәселесіне тоқталды.
Кездесуден кейін жатақханада баласымен тұратын мүгедек жан және көпбалалы ана оған мәселесін айтты. Болашақ депутат өтініш білдіргендердің мәліметтерін жазып алып, оларға көмектесуге уәде берді.
Ақмола облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Мәриям Әбішева кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Мәселен, биыл «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан кейін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 555 мың теңгеге 108 грант бекітілген.
Партия мүшелері жиналғандарға Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таратып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысу арқылы тағы да ақмолалықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Ақмола облыстық штабының сайлау қорынан төленді.