Басты бет Жаңалықтар Семей-Қалбатау тас жолының аяқсыз қалған бөлігі жөнделеді

Семей-Қалбатау тас жолының аяқсыз қалған бөлігі жөнделеді

Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасын жалғайтын жолдың аяқталмай қалған 34 шақырымы толық жөнделетін болды.

Фото: Tengrinews.kz

Халықаралық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тас жолының бір бөлігі ретінде қарастырылатын Семей-Қалбатау жолына күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 7 жыл бұрын басталған. Алайда, 152 шақырымның Жарма ауданындағы бөлігі мердігерлердің салғырттығынан аяқталмай қалған еді. Әсіресе, жол бойындағы ауылдар жазда шаңнан, көктемде батпақтан мезі болды. Енді, міне, түйткілдің түйіні тарқап, осы мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр.

Нұрлан Сыдықов, Жарма ауданының әкімі:

— Желтоқсанның басында сол конкурс аяқталып, ұтып алған фирма келесі жылдан бастап осы құрылысты бітірмекші ойлары бар. Мұның құны – 3 жарым млрд теңге.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version