Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында өртенген үйден 4 адамның мәйіті табылды

2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында жеке тұрғынүйден өрт шыққаны туралы хабарлама келген.

Төрт адамның мәйіті  табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Өрт сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр болды, шығу себебі анықталып жатыр.