Басты бет Жаңалықтар Газетке мәжбүрлеп жазғызуды доғару керек — Мәжіліс депутаты

Газетке мәжбүрлеп жазғызуды доғару керек — Мәжіліс депутаты

Мұғалімдерді мемлекеттік газет-журналға жазылуға мәжбүрлеуді доғару керек. Депутаттар бүгін Ақпарат министрінен ұстаздардың жалақысынан ай сайын түрлі басылымдарға деп ақша ұстап қалуды тоқтатуды сұрады.

 

Депутаттардың айтуынша, әлі күнге дейін ұстаздар, дәрігерлер мен әкімдік қызметкерлері басшыларының бұйрығымен мемлекеттік газет-журналдарға  еріктен тыс жазылып жүр. Бұл әсіресе аймақтарда ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Ал мемлекеттік басылымдардың шығынына деп  онсыз да жылда қазынадан қыруар қаржы бөлінеді.

«Мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе, мұғалімдерді газет- журналдарға мәжбүрлеп жаздыру әлі жалғасып келеді. Отандық басылымдар осы жолмен күн көруді жалғастыра бере ме? Одан да газет-журналдар реформа жасап, сапасын арттырмай ма?»,-деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Мұғалімдердің өздері оқымайтын газеттерге амалсыз алып жүргенінен министр де хабардар екен. Сондықтан Дәурен Абаев басылымдардан жұртты мәжбүрлеудің орнына   сапалы әрі қызық материалдар жазып, оқырман тартуды талап етпек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version