Ranking.kz сайты 2020 жылы Қазақстан банктері депозит портфелінің қалай өзгергеніне шолу жасаған. Материалдағы дерекке қарағанда, коронавирус пандемиясы кезінде екінші деңгейлі банктер шығынға бату былай тұрсын, клиенттер салымын көбейтіп үлгеріпті. Мәселен, жыл басынан бері банк секторындағы депозит базасы 2,96 триилион теңгеге көбейіп, 20,94 триллионға жеткен, оның 2,36 триллион теңгесі елдегі ең ірі он банкке тиесілі.

Депозит көлемі бойынша бірінші орында Halyk Bank тұр. Яғни пандемия жылында бұл ұйым салым ашып, ақшасын сеніп тапсырғандар саны бойынша көш басында келеді. 2020 жыл басынан бері банктегі депозит жинақтары 633,6 миллиард теңгеге артып, 7,1 триллион теңгеге жеткен. Яғни жыл бойғы депозит артуы көрсеткішіндегі Halyk Bank үлесі 21,4%-ті құрайды. Ал салымшылар өсіміндегі бұл банктің үлесі 26,9%-ке тең.

Заңды тұлғалар салымы жөнінен де Halyk Bank алдыңғы орында. Биыл банктегі заңды тұлғалар депозиті көлемі 310,6 миллиард теңгеге артып, 3,57 триллион теңгеге жетті.

Жеке тұлғалардың салымы бойынша Kaspi Bank (+357,8 млрд тг., 1,88 трлн теңгеге дейін өскен), Halyk Bank (+323 млрд тг., 3,49 трлн теңгеге дейін өскен) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (+121,1 млрд тг, теңгеге дейін өскен) алғашқы үштікте.

Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердегі корпоратив салымы 1,8 триллион теңгеге, ал жеке салымдар 1,16 теңгеге артыптыы. Нарықтағы ірі банк Halyk Bank екі салым түрінің артуы жөнінен көш бастап тұр. Оның себебі мынада:

  • банк халыққа түрлі ыңғайлы шарттары бар депозиттер ұсынады;
  • шағын және орта бизнесті қоса алғанда бизнес үшін мерзімді және шартты салымдар қарастырылған;
  • ағымдағы шоттар мен жалақы жобаларын жүргізу үшін қолайлы жағдай береді.

Банктің мұндай тұрақты өсуін Fitch Ratings (BB+), Moody’s Investors Service (Ba1), Standard and Poor’s (BB) сияқты әлемдегі жетекші рейтинг агенттіктерінің жоғары сенімділік рейтингісінен де көруге болады.

Оған қоса, Halyk Bank-тің актив табыстылығы банк секторындағы орташа көрсеткіштен жоғары. Елдегі екінші деңгейлі банктердің қаңтар-қазан аралығындағы актив табыстылығы 2,2% болса, Halyk Bank-тікі — 2,6%. Капитал көрсеткіші де жоғары, оның нарықтағы орташа көрсеткіші 17,8% болса, бұл банкте 19,3%-ке жеткен.

Тағы оқыңыз:

Депозит деген не? Қарапайым тілмен әңгімелейміз