Ұсыныстарға сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10.00-де аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті.
Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 15 адам қатысты.
Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды.
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Алматы облыстық Іле аудандық штабының сайлау қорынан төленді.