Компания бүгінге дейін 40 мыңнан аса адамға шет тілін оқытыпты.
Енді компания отандық тұңғыш тіл платформасы ретінде жасалған TilBil мобайл қолданбасы арқылы 10 мың адамға тіл курстарын тегін оқытуды жоспарлап отыр. Компания бұған дейін тілді ақылы оқытып келген еді.
Өнім арқылы еліміздің дамуына, азаматтарымыздың білімін жетілдіріп, жаңа қабілеттерді меңгеруіне септігімізді тигіземіз деген ниетіміз бар, — дейді TilBil Online Education негізін қалаушылар.
TilBil платформасына тіркеліп орыс, ағылшын, түрік, корей тілдерінің А1, А2 деңгейін тегін оқуға мүмкіндік бар. Тапсырмаларды орындап, арнайы сертификат алуға да болады.
1 аптаның ішінде TilBil платформасы AppStore-да education бағыты бойынша TOP-5-тің қатарына кірді.
TilBil Online Education компаниясының курстары мен марафоны карантин кезінде кеңінен танылған еді. Еске сала кетейік, Baribar.kz-ке компания құрылтайшылары Нұрлан Жанай мен Дәурен Көбеев тіл үйрету бизнесінің қоғамға пайдасы туралы сұхбат берген еді. Олар TilBil-дің негізінде ІТ саласына көңіл бөлетінін айтты.
TilBil платформасын жүктеп алу: