Мұндай шешімді Нұр-Cұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері шығарды.
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы 20.11.2020 жылғы №ПГСВ-248 қаулысына сәйкес (3.49-тармақ – Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салынады). Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2020 жылғы 14-17 желтоқсанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілмейді, — делінген ресми хабарламада.