Басты бет Жаңалықтар Алексей Ни: Токио Олимпиадасына дейін ауыр атлетика құрамасында қаламын

Алексей Ни: Токио Олимпиадасына дейін ауыр атлетика құрамасында қаламын

Қазақстан ауыр атлетикасы құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Алексей Ни Токио-2020 Олимпиадасына дейін командасына көмек көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алексей Ни

Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Алексей Ни бас бапкерлік қызметінен өзі бас тартқандығын айтты.

«Мені қызметтен ешкім де қуған жоқ. Бұл — менің асықпай, ақылға салып шығарған шешімім. Мұндай шешімді Рио Олимпиадасына дейін, шамамен мамыр айында жоспарлап жүрген болатынмын. Ойлануға уақытым болды. Сол сәтте мен өзіме бірден кетемін деп айтқан едім. Бірақ мен қорқақ адам сияқты командамды тастап кете алмаймын ғой», — деді Алексей Ни.

Оның айтуынша, соңғы уақытқа дейін зілтеміршілеріміздің медальдарын алып қала аламыз деген үміті болған. Ол спортшыларын өз балаларындай жақсы көретінін, уақытының көпшілігін солармен өткізгендігін айтты.

«Командаммен соңына дейін болғым келеді: Қазақстанның әнұраны ойнап, жеңіске жеткен сәттерімізде де, жеткен жетістіктерімізді жоққа шығарған шақта да… Еліміздің спорт басшылығына алғыс айтамын. Олар бізге соңына дейін қолдау көрсетті: маған да, спортшыларға да», — деді Алексей Ни.

Еске сала кетейік, Алексей Ни ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен 25 қарашада кеткен болатын. Қазіргі уақытта бұл қызметті Юрий Мельников басқарып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version