Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған.
Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл — бұрмалау.
Өйткені премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Бұл хабарлама шындыққа сай келмейді, құжаттың фотосуреті — фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокпостар орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге үндейміз, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.