— Ануар, касса аппараттарын жиі ауыстыру туралы айттыңыз. Себебі неде?

— Шағын кофехананы серіктесіммен бірігіп аштық. Алғашында барлық дүкен пайдаланатын касса аппаратын алған едік Алайда біздің кофехана кішкентай ғана болғандықтан, клиентпен жұмыс істеген кезде артық заттарды қоятын орын табу қиын болды. Арада бірнеше апта өткеннен кейін Форте банкке барып, кәсіпке байланысты жұмыстарды реттедік. Сол жерде жаңадан шыққан Фортенің кассалық аппараты туралы естідік. Тамыз айынан бері осы касса аппаратын пайдаланып келеміз.

— Одан бері Фортекассаның қандай ерекшеліктерін байқадыңыздар?

— Шыны керек, бұл касса аппаратына келіп-кетіп жүрген клиенттеріміз де қызығады. Себебі, өзіңіз көріп тұрғандай, өте шағын және артық орынды мүлдем алмайды. Бәрі бір жерде орналасқан. Сіз осы қазір бұл касса аппаратына банк картаңызды тигізіп қана төлем жасадыңыз емес пе? Міне, бұрын мұндай процестің бәріне жеке-жеке аппарат пайдаланатын едік.

Ең бірінші ерекшелігі ретінде көлемінің шағындығын, ықшам екенін деп айтар едім. Артық орын алмайды. Мен секілді кассада жұмыс істейтіндерге арналған.

Екіншіден, қарапайым касса аппаратында болатын барлық функция осы кішкентай ғана кассаның ішінде орналасқан. Техникалық жақтан жақсы жабдықталған. Чек шығаратын принтер де, терминал да, төлем жасайтын аппарат та осының ішінде. Тек саусақпен басқарып отырасыз.

— Кассаны күнделікті келіп бақылап отырасыздар ма?

— Қазір өзім кәсіпкермін, әрі баристамын. Бұрын сіз айтқандай еді. Яғни кассаны күнделікті келіп бақылап, қандай табыс болғанын есептейтінбіз. Фортекассаны пайдаланғалы, қай жерде жүрсек те шығынды, табысты, жалпы есепті көріп отыратын болдық. Себебі касса аппаратының мобильді қосымшасы бар. Сол жерден қанша кофе сатылды, қандай пайда түсті, шығын қандай болды — бәрін көруге болады. Өте ыңғайлы екенін осы қосымшасын пайдаланғалы байқадым.

Одан бөлек, бұл касса арқылы кассирдің ұрлық жасауы қиын. Әр қадамы, әр жасаған ісі көрініп тұрады. Сондықтан алаңдамай, телефондағы қосымшасын бір бақылап қойып, жүре беруге болады.

Қорыта айтсам, қазір менің касса аппаратым қалтамда өзіммен бірге жүреді.

Кофеңіз дайын болды. Рақмет!

— Сізге де рақмет, Ануар!