Басты бет Жаңалықтар Кәрім Мәсімов жаңа қызметке тағайындалды

Кәрім Мәсімов жаңа қызметке тағайындалды

Кәрім Мәсімов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Baq.kz

Бүгін Федерация конференциясында Мәсімовтің кандидатурасы таңдалды. Жаңа басшы өзінің сөзінде аймақтардағы спорт түрлерінің дамуына баса назар аудара отырып, федерацияның алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі.

«Триатлон – біздің елімізге кейін келген спорт түрі болып табылады, сондықтан оның дамуы әлі бастапқы кезеңде. Бұл спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және аталған жұмыс болашақта өз нәтижесін береді»,- деді К.Мәсімов.

Федерация конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Федерация мүшелері, құраманың тренерлік құрамы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар Федерацияның басқару органдарының жаңа құрамы жасақталды.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов — Қазақстан муай тай федерациясының президенті, Азия муай тай федерациясының төрағасы, әлемдік муай тай федерациясының вице-президенті. Ол осы «федерацияны жақсы басқарғаны үшін» 2006 жылы «Муай тайдан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген атақ алды.

 

1 пікір

  1. Бұлар не сонша қос қостан жұмыс атқарады,еліміздің спорт саласына сонша ма не ақша бөліп отыр ма екен қалтасынан,бір жұмысты келістіре алмай жүріп екінші жұмыс атқару керек пе не бастықтар,басқа жұмысы жоқ адамдарға бермей ме оданда,,бірінші өз жұмысын жасап келістіріп алмай ма ?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version