2020 жылдың 1-7 желтоқсан аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:
Алматыда шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 726 дерегі анықталды, қала ауасы әл-Фараби даңғылы, Науаи көшесі бұрышы, «Орбита» шағынауданында («Зеленстрой» АҚ Дендропарк аймағы) көбірек ластанған.
Өскеменде шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 786 жағдайы тіркелді, қаланың Лев Толстой көшесі, 18, Шәкәрім даңғылы, 79, Қасым Қайсенов көшесі, 30, Мұхаметжан Тынышпаев көшесі, 126, Рабочая көшесі, 6, Сәтбаев даңғылы, 12 аудандарында неғұрлым ластанған.
Қарағандыда 187 дерек тіркелді, қаланың ауасы №5 бекет (Мұқанов көшесі, 57/3 үй) ауданында неғұрлым ластанған.
Нұр-Сұлтанда шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 973 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммунал базарының аудандарында неғұрлым ластанған.
Қызылорда және Петропавл қалаларда бірде-бір ластаушы заттардың шекті деңгейінін асып кету жағдайы тіркелмеген.