Басты бетҚоғамМемлекеттік бейбітшілік...

Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының иегерлері белгілі болды

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы: 

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін».