Ғани Майлыбаев Алматы мәдениет басқармасының басшысы болды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте туған. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамадаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданындағы филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі – бас бухгалтері болып бастаған.

Түрлі жылдары Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалында заңгер-кеңесші, консультант болып жұмыс істеген.

2014-2015 жылдар аралығында Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015 жыл мен 2019 жыл аралығында Алматының Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жыл мен 2020 жыл аралығында Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.