Синоптиктердің болжамына қарағанда, Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен Қазақстан аумағына қарай жылжып келе жатқан циклон жырасы қар түріндегі жауын-шашынға және ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді.
Республиканың кей өңірінде тұман түседі, көктайғақ болады, боранмен бірге екпіні күшті жел соғады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 5-7 желтоқсан аралығында жауын-шашын жаумайтыны, бірақ аяз болатыны хабарланған еді.