Басты бет Жаңалықтар Алматыда Мәуліт кеші өтеді

Алматыда Мәуліт кеші өтеді

7 желтоқсанда Алматы қаласы Республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Мәуліт кеші өтеді.

Кеш бір күнде екі рет өткізіледі. Алғашқысы таңғы сағат 10:00-де, ал қайталауы түскі сағат 14:00-де. Кештің жаңа бағдарламасында тағылымды қойылымдар, діни әндер, бейнероликтер, сырлы монологтар болады.

Ғаламдардың мақтанышы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған Мәуліт кешіне билеттерді Республика сарайы кассасынан ала алуға болады. Сонымен қатар, билеттер мешіт маңындағы діни тауарлар дүкенінде де сатылады.

Анықтама телефоны: 8 (727) 397 6384

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version