Tengrinews.kz порталының ресми сауалына ведомство өкілдері Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, білім саласындағы қызметкерлердің 2020 жылдың II тоқсанындағы орташа айлық жалақысы 184,4 мың теңге екенін айтты. 2019 жылы 126,1 мың теңге болған.
Сонымен бірге министрлік өкілдері мұғалімдердің жалақысы неге байланысты екенін айтты.
Білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақы төлеу мыналарға байланысты жүргізілетіні анықталды:
- білім деңгейі;
- біліктің болуы;
- еңбек өтілі;
- еңбек жағдайы;
- орындалатын жұмыс көлемі;
- өтемақы және ынталандыру түріндегі үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар болған жағдайда, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және тағы басқа қосымша ақы).
Ведомство өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік мекемелердегі мұғалімдердің жалақысы оқу жүктемесі негізінде ұйымның бірінші басшысы бөлетін және аптасына нормативтік жүктемені ескере отырып есептеледі.