Baribar.kz порталы (меншік иесі — «Baribar Media» ЖШС) 2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 қаулы және «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, сайлауға қатысатын саяси партияларға Baribar.kz порталында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға мүмкіндік беретінін хабарлайды. Аталған жайтқа байланысты редакция партиялық тізіммен сайлауға түсетін кандидаттарға порталда жариялауға болатын үгіт-насихат материалдарының шарттары мен ақысы туралы ақпарат ұсынады.
Порталда ақпарат жариялау жайлы келісім үміткер партия мен порталдың меншік иесі арасында жазбаша түрде рәсімделеді.
Үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін үміткер партия немесе оның сенімді өкілі порталға жазбаша өтініш бағыттауға тиіс. Келісімшарт жасауға мына құжаттар талап етіледі:
- Партиялық тізімді ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
- Саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
- Үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзімі;
- Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;
- Дайын үгіт-насихат материалы берілген жағдайда, мәтіннің қағазға шығарылған нұсқасында сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
- Өтініш беруші саяси партияның сенімді өкілінің жеке куәлігі де қоса ұсынылады.
Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.
Саяси партиялар немесе олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат материалдарын сайтқа дайын түрде жарияланымнан үш сағат бұрын беруге тиіс.
Мәжіліске үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрысылын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар болатын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы
Baribar.kz порталында үгіт-насихат материалдарын орналастырудың ақысы: