Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Мухит Ахметов, бейне-селекторлық байланыс арқылы қала/аудан әкімдері қатысты.
Мәжілісті ашқан облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдардың міндеттерінің бірі – бюджет қаражатын тиімді пайдалану екенін атап өтті.
Ең бастысы, қаражатты қажетті нысандардың құрылысына жұмсау қажет. Сондай-ақ, нысандардың сапасын қадағалап, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру керек, – деді Арман Жетпісбай.
Мирас Қарғабайдың айтуынша, жыл басынан бері тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірдегі филиалының, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің, Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің және жергілікті әкімдік пен мердігер мекеме басшыларының, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен облысқа қарасты 14 қала/аудандардың автокөлік жолдарына мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында жаңадан төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді болдырмау мәселелері талқыланды.