Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып шықты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы. Аталған бағыт аясында облысымызда биыл 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан. Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінде жоба туралы жан-жақты түсіндіріліп, сынып, тәрбие және түрлі ашық сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ, өңіріміздегі барлық кітапханалар арнайы шығарылған кітаптармен қамтылуда.
Жалпы жыл басынан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста 821 іс-шара өтіп, 100 мыңға жуық адам қамтылған. Іс-шараларың басым бөлігі онлайн форматында, челлендж, байқау, кездесулер түрінде ұйымдастырылуда. Жыл бойғы атқарылған жұмыстар туралы вице-министрге Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдәзім жан-жақты баяндап берді. Болат Анапияұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кеңсе қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.
«Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес екені байқау қиын емес. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта бұл жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейтуіміз қажет», – деді Болат Анапияұлы.
Мұнан соң вице-министр облысымыздағы бірқатар үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, алда атқарылатын жоба-жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жобаларды қаржыландыру, жүйелеу бағытында қола алынғалы отырған жобаларды баяндап берді.